ТАМАҚТАНДЫРУ

lat: TAMAQTANDYRÝ

Тамақтандыр етістігінің қимыл атауы. Қанша ұзаққа кетсе де, апам бізді т а м а қ т а н д ы р у үшін түсте үйге келеді (З.Асабаев, Жарас.). Ол сөзінің ақырында адамдарды тез т а м а қ т а н д ы р у туралы бұйрық берді (К.Оразалин, Жабас.). Балапандарын т а м а қ т а н д ы р у әдісі әртүрлі құстарда түрліше болады. Жоғарыда айтқанымыздай тауық тәрізді құстардың мекиені жемді тауып алып, ерекше дыбыстар шығарып балапандарын шақырады (Р.Әлімбаев,.. Құстар.).