ТАМЫР

lat: TAMYR

з а т. 1. б о т. рек. rhіzа> су мен қоректік заттарды жеткізіп тұратын мүшесі. Өсімдіктер т а м ы р арқылы топыраққа бекіп, одан су, суда еріген минералды тұздарды, органикалық заттарды бойына сіңіріп, оны сабағы мен жапырағына жеткізеді (ҚҰЭ). Т а м ы р арқылы өсімдік топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сіңіреді (ҚҰЭ). Т а м ы р шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Тамырда қоректік заттар қорға жиналады (сәбіз, шалқан, қызылша, шомыр), кейбір өсімдіктер тамыр арқылы көбейеді (Қаз. тілі термин. Биология). 2. а н а т. Қан жүретін жол. Жаңа туған баланың т а м ы р ы бір минутта 150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады. Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 6570-тен аспайды (М.Жұмабаев, Шығ.). Ауру малдың т а м ы р ы минутына 120140 рет соғады, тамырдың толуы бәсеңдейді (С.Сыбанбаев, Мал қаны.). 3. а у ы с. Алыс-беріс жасап жүретін досжар адам, дос, жақсы жолдас, сыйлас адамдар. Жақсы көрер т а м ы р д ы ң атын алма, тайын алақал). Т а м ы р л а р бір-бірінің қуанышренішіне ортақ, қашанда біріне-бірі көмекші, қамқор, тату болуға міндетті (ҚҰЭ). Достықтары ұзақ жылға созылған т а м ы р л а р «достықтың аяғын сүйек айырады» деп, қыз алысып, «мың жылдық» құда болысады. Егер басқа екі ұлт өкілдері (қазақ-орыс, қазақ-қырғыз, т.б.) достасып алыс-беріс, қарыматынас жасаса, олар да бірін-бірі тамырлар деп атайды (ҚҰЭ). Т а м ы р келіп сұрайды бір қимасын, Тәтті көңіл, жүрекпен жақын санап. Хас мыстан ендігі жыл жаз бермекші, Ол сапар бір сылтаумен арашалап (Ә.Найманбаев, Шығ.). 4. а у ы с. Ашынажай, көңілдес адам. Осы оймен оның қатынымен т а м ы р болдым. Қатыны мені сүйеді. Ол жас, маған кызығады. Оның махаббатын пайдалануым керек (Ж.Аймауытов, Шығ.). Т а м ы р болсаң тамыр бол, ашына бол, Жел сөзіме қызықсаң басыма бол. Сақалды да бар деген сан періште, Көшіп кел де аулымның қасына қон (Айтыс). 5. а у ы с. Бір нәрсенің шыққан жері, төркіні, негізі. Ақсақал айтқан сөздің т а м ы р ы қайда жатыр, аңғардыңыз ба? (Ауызекі).