ТАНЫСУ

lat: TANYSÝ

Таныс етістігінің қимыл атауы. 1. Білісу, жүздесу. Мен шахта адамдарымен т а н ы с у үшін осы шахтаға аттандым (Қ.Әміров, Өшпе жұлдыз.). Ағайындық, замандастық жөнімен т а н ы с у ғ а алып келген мен едім, бұл жеңешемді (X.Есенжанов, Көп жыл.). 2. Мәнжайын білу, тексеру. Ту ұстап бұл туды ел шыққан дөңге, Бір кезде аға сұлтан мінген шенге. Жолыққан уәзірге сағатында, Беріпті т а н ы с у ғ а қырық мың теңге (Ә.Найманбаев, Шығ.).