ТАҢБА

lat: TAŃBA

з а т. 1. Дақ, із, мөр. Мына пистолетте сізден басқа бөтен кісінің қолының т а ң б а с ы жоқ (К.Тоқаев, Түнде.). Қасымның жасы қырықтың шамасында. Бетінде шешек шалған айқын т а ң б а с ы бар шұбар (М.Әуезов, Қараш.). 2. э т н. Әрбір отбасының, әрбір рудың малға, жер бөліске қоятын ені. Қазақ халқының аталық, рулық, ұлттық т а ң б а л а р ы болған. Малға т а ң б а салу осы уақытқа дейін қолданылып келеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 3. м а т е м. Белгі. Сөйтіп, екі сызық параллель болу үшін бұрыштық коэффициенттері тең болу керек; перпендикуляр болу үшін, бұрыштық коэффициенттері кері сан, коэффициенттерінің т а ң б а л а р ы қарамаарсы болу керек (А.Ермеков, Ұлы математика.).Сәлім дәптер сыртындағы әріп т а ң б а с ы н бірден тани кетті (М.Дүйсенов, Гүлжан.). 4. и н ф. <ағыл. symbol> Есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символыаз. тілі термин. Информатика.). 5. а у ы с. Қаяу, шер, кек. Бұл бір менің бала көңіліме өшпес т а ң б а с ы н қалдырған, естен кетпес оқиға (С.Шаймерденов, Сыбызғы.). Абайдың поэзиясында уайымайғы т а ң б а л а р ы көрініп қалады (М.Қаратаев, Туған әдеб.).