ТАҢДАНУ

lat: TAŃDANÝ

Таңдан етістігінің қимыл атауы. Естай ештемеге түсінбей, Жолбарысқа қарап еді, оның жүзінен пәлендей т а ң д а н у белгісі байқалмады (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Гүлнәрдің даусында т а ң д а н у да, үрей де, аяныш та, әлдебір мақтаныш сезімі де бар сияқты (Т.Иманбеков, Үш ай.). Соны елетпей сағындырған Ләйлә едің, Т а ң д а н у мен табынуға жаралған (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).