ТАПСЫРМА

lat: TAPSYRMA

з а т. 1. Міндеттелген жұмыс, іс. Олардың командирлері полковникке келіп жайды баяндап, қысқаысқа т а п с ы р м а алып кетіп жатты (Б.Момышұлы, Москва.). Әкесі берген т а п с ы р м а бойынша, бар тергеу талқыны өз мойнына алған 30 жасар жігіт Құнанбай болды (М.Әуезов, Әр жыл.). Көкең алған Әлібиден т а п с ы р м а, Депті оған «елден өрен жас жина! Біз құрамыз еңбекші тап әскерін, жау көп әлі жатқан жардың астында!» (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар).