ТАПШЫЛЫҚ

lat: TAPSHYLYQ

з а т. Жетімсіздік, кемшілік. Малдың т а п ш ы л ы ғ ы да, ағайынның араздығы да әртүрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе (Абай, Тол. жин.). Су т а п ш ы л ы ғ ы н а қарамастан, бағы күтімді көрінді (Ж.Өмірбеков, Замандас.). Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың т а п ш ы л ы ғ ы н, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым (М.Шаханов, Ғасырлар.).