ТАРАЗЫ

lat: TARAZY

р. ] з а т. 1. Бір заттың салмағын анықтайтын өлшеуіш. Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды, Т а р а з ы н ы құрдырып, ортаға алды. Қанша алтынды күміс пен салса дағы, Бір кішкентай сүйекті аудармады (Абай, Тол. жин.). Қош келдің, т а р а з ы м бар, өлшейін (С.Торайғыров, Шығ.). 2. а у ы с. Өлшем, көрсеткіш. Уақыт таразы. Соның т а р а з ы с ы н а тартылып, тұрақтап орын тебетін адамдар ғана әр уақыт қасыңда болады, ұмытылмайды («Қаз. әдеб.»). Алаштың адамының бәрі мәлім Кім қалды т а р а з ы ғ а тартылмаған Дегендер мен жақсымын, толып жатыр, Жақсылық өз басынан артылмаған (А.Байтұрсынов, Шығ.). Осы тоқтам екеуміздің ерік күшіміз бен берік-бекемдігімізді, шыдам-сабырымызды сынайтын т а р а з ы м ы з болсын (Ә.Нұршайықов, Махаббат.).