ТАРАЗЫ

lat: TARAZY

з а т. а с т р. Көбіне қыстыгүні таңға жуық көрінетін шоқ жұлдыз, орион. Т а р а з ы, сүмбіле, үркерменен бір күн батар, Т а р а з ы екі ай, сүмбіле үш ай жатар. Үшеуі үш жерден бір-ақ күнде батып, үш айда туып, әр жерден таңмен атар (Қ. Сәрсекеев, Кілт). Сүмбіле туса, су суыр, Т а р а з ы туса, таң суырақал). Үркер мен Т а р а з ы Шашылды шашуға, Шолпан да қарады Мауқын бір басуға. Темірқазық арқандап Қосбозатын жаратып, Ойы бар тойыңа қосуға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Маймаңдап маймыл саусақ балы тамған. Тартылмай күй болмады мұнан қалған. Жамбасқа Т а р а з ы, Үркер ауып түсті. Болыпты мезгіл міне таңға қалған (І.Жансүгіров, Поэм.).