е т. 1. Өркен жаю, молынан көктеу, өсу. Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рагит жайды айдар. Жаңбырлы жерге т а р а л ы п, Жасарып шығып гүл жайнар (Абай, Тол. жин.). 2. Жайылу, етек алу. Европада женьшень туралы аңыз тек XVIII ғасырдан бастап т а р а л ғ а н (С.Сұбханбердин, Өсімдік – дәрі.). Жар қанжары – маған бал, Сұқсын сорлы жүрекке.Талай асық жаралсын Жара ағызған қанынан. Жер жүзіне т а р а л с ы н, Жерді жусын қызыл қан. Сайтан қашып асықтан, Асыл озып жасықтан,— Бейіс болсын бұл жалған Жүректен кетіп сасық қан (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 3. а у ы с. Сіңібілу. Таза ауада аздыкөпті еңбек етсең, қаның бойыңа жақсы т а р а л ы п, денің сау болады, етің де қатаяды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).