КЕЗ

lat: KEZ

байырғы ұзындық өлшемдерінің бір үлгісі. Шамамен 70-80 см-дей, дәлірек айтқанда 71,12 см-ге тең ұзындық өлшемі. Ол өлшемдердің метрлiк жүйесi енгенге дейiн Россияда қолданып келген аршынға тең ұзындық өлшемі болған. 1 аршын немесе 1 кез 28 дюйм 71,12 см. Кез Орта Азия мен Қазақстанда, негiзiнен, сауда-саттық жұмысында қолданылған.