КЕЗ

lat: KEZ

түйенің екі өркешінің арасындағы ойыс жер. Халық арасында екі өркештің арасында болар-болмас айырылысқан жігі бар нар мен айыр түйеден туған буданды кез қоспақ , өркешінің алдыңғы жағында шамалы кертпеші болатын, бура мен аруанадан туған нардың түрін кез өркеш деп атайды. Әбден семірген уақытында кез қоспақтың екі өркешінің арасын тез айыра алмайды.