КЕЛІСІМ

lat: KELİSİM

байырғы кезде бірнеше куәгерлердің қатысуымен екі жақты мәмілеге келтіру. Келісімге келген кезде ешқандай ғұрып жасалмайды. Келісім жасау үшін 1-3 куәгер шақырылып, оны болыс басшысы растаған соң, мөр басылады. Келісімді бұзу кепілдендіріледі, себебі келісімге отырған адам уақытында төлей алмаса, кепіл адам оның орнына төлейді. Егер қазақ басқа сенімдегі адаммен келісімге отырса, оны орындамағаны үшін айыпталмайды. Осыған байланысты «жақсы адаммен жолдас болсаң, жетесің мұратқа, жаман адаммен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» деген мақал қалыптасқан.