lat: KEMPİRQOSAQ
бірнеше жолақтан тұратын ою-өрнектің түрі. Мұндай жолақтар кесте тігу өнерінде рет-ретімен орналасады. Дәстүрлі ортада бұл түстердің өзара нышандық мәні бар. Айталық, ақ түс – қуаныштың, ақиқаттың белгісі болса, қызыл түс – оттың, күннің, сары түс – ақыл-ой, уайым-қайғының, жасыл түс – жастық шақ, көктемнің, көк түс – ашық аспан, бейбітшіліктің белгісі болып табылады.