ҚУЫРШАҚ

lat: QÝYRSHAQ

қыз балалардың адам кейпіне келтіріліп жасалған ойыншығы. Мұндай ойыншық түрлерін жасау жолы өте қарапайым болып келеді. Ол үшін түрлі-түсті мата қиындылары, ине-жіп пайдаланылады. Онымен қыз балалар қуыршақтарына арнап кимешек, бүрмелі көйлек, тақия, камзол т.б. киімдер тігеді.