ҚОРЫҚ

lat: QORYQ

жаздай, күздей мал жібермей, қысқа арнайы сақталған жайылым. Бұндай қорықтар қыстау айналасындағы жазық жерлер мен күнгейлі беткейлер де болады. Мал аяғы тимеген қорық жайылымның шөбі жерге жатып қалмайды. Ол қар түскенен кейін де малдың тұяғымен теуіп жеуіне өте қолайлы. Қар астында бопырап жатқан сары шөп мал аяғы тиісімен тез ашылып, күннің суығы мен аязында талғажау болады. Бұндай қорықтарды малшылар қар қалың болып алыс жайылымға мал аяғы бара алмай қалған жағдайда, сонымен бірге қысқы жиналған шөп қоры сарқылар шақта пайдаланған. Кейбір қар қалың түсіп, мұз құрсаған жылдары мұндай қорықтардың қарын күреп, мұзын ойып жайылым ашқан.