ҚОРЫҚ

lat: QORYQ

қорытылған кеннен шыққан қалдық атауы. Ұсталар алуан түрлі «шикі» темірді қайта қызыдырып соғу тәсілімен оны құрыштандырған кезде де көп мөлшерде қорық пайда болады. Ондайда желді күшті үрлейтін қаукөрік немесе қоскөрік пайдаланылады. Қызған темірді төске салып, қосқол балғамен ұрған кезде темірдің құрамындағы лас қоспалары, яғни, қорық одан ажырап түсіп қалады. Оны ұсталар тілінде « көріктің боғы » деп те атайды. Мұндай қорықты дәстүрлі емшілікте қолданған. Әсіресе, шошынып ауырған адам немесе үстіне бөрткен шыққан кезде қорық салынған сумен жуынса ем болады деп есептеген.