ҚАРЫНДАС

lat: QARYNDAS

рулас, аға-іні, бауыр, қандас сынды туыс-туғандық қатынасты білдіретін атау. Көне түрікше Qarіndas құрсақтас туыс деген сөз. Алайда қазақ тілінде уақыт өте келе қарындас сөзінің мағынасы ер адамның жасы кіші әйел туысқаны деген түсінікпен алмасып, бүгінгі таңда тек әйелге қатысты қолданылады. Яғни бір анадан туған бауырлар арасында ер адамдардан жасы кіші әйелдерді қарындас деп атайды. Сондай-ақ аталас, рулас, туыстардың ішінде де жасы кіші әйелдер өзінен үлкен ер адамдарға қарындас болып келеді.