lat: QAŃTARÝ
мініс атын суыту үшін байлаудың бір тәсілі. Жылқы малының ерекшелігі – жүріп келген соң міндетті түрде сууы қажет. Суытылмай тұрып жайылып, жем-шөп жеп немесе су ішіп қойса түрлі ауруларға ұшырайды. Сондықтан, ат алыс жолдан бусанып келгенде суыту үшін аттың басын жем-шөпке, суға жетпейтіндей етіп байлайды. Ерттеулі аттың тізгінін ердің алдыңғы қасына тартып байлайды. Ал, жайдақ атты қаңтару үшін жүгеннің тізгінінің тұйығын шоқтық тұстағы жалға түйіп байлап кегжите тартып қояды.