ҚАМЫР

lat: QAMYR

ұнға су (қажетті тағамның түріне қарай сүт те) құйып иленіп даярланатын шикі өнімнің атауы. Пісіретін тағам түріне орай қамыр илеуге бидай, кейде қарабидай, арпа, жүгері және т.б. дәнді дақылдардың ұны пайдаланылады. Қамыр екі жолмен, ашытып және ашытпай даярлайды. Қамырдан пісірілген тағамдарды жалпы нан деп атағанмен, жекелеген атаулары да бар. Мысалы, кеспе, бауырсақ, шелпек, және т.б.