КҮЛ

lat: KÚL

толық жанып біткен заттардың қалған қалдығы. Дәстүрлі түсінікте күлге байланысты қалыптасқан көптеген ырым-тыйымдар берік орын алған. От жанған орындағы күл жатқан жерді басуға, қоқыс, арам су төгуге және дәрет сындыруға болмайды. Ондай тыйымдар қатарында күлді шашуға, түнде үйден шығаруға, есіктің алдына төгуге болмайды деген қатаң тыйымдар бар. Дәстүрлі түсінікте бейсенбі мен жұма күндері дәметкен ата-бабалардың рухы үй жанына төгілген күлдің салдарынан шаңыраққа соға алмайды деген сенім қалыптасқан. Сол сияқты, күл төгетін күресіннің тұсынан мал өтіп бара жатқанда күл төгуге болмайды дейді.