КҮЙ

lat: KÚI

әуені белгілі бір сюжетке негізделген, домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты аспаптарда орындалатын ұлттық музыка өнерінің көне жанры. Күй әр музыка аспабының мүмкіндігіне негізделген көркем ойлау жүйесінің көрінісін саз түрінде жеткізеді.