Еңбегін еш, жігерін құм қылды • еңбегі далаға [желге, зая] кетті • еңбегің еш, тұзы[ң] сор • еңбегі еш болды, тұзы сор болды • еңбегі еш болды • еңбегі қайтпады

lat: Eńbegin esh, jigerin qum qyldy • ebegi dalaǵa [jelge, zaıa] ketti • eńbegiń esh, tuzy[ń] sor • eńbegi esh boldy, tuzy sor boldy • eńbegi esh boldy • eńbegi qaıtpady

Бар әрекет зая кетті; еңбегі өтелмеді. Мен қиындықты емес, еңбегіңді еш, жігеріңді құм қылатын мешеулікті айтамын (Т. Ахтанов). Мүйіздескен сиырдай, Байласаң бас жіп жетер ме? Еңбегің еш, тұзың сор, Қайратың елге жетер ме? (Д. Бабатайұлы). Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға (Абай). «Құп», деді айтқанының бәрін қылды, Жүре-жүре Жүсіпті қолы білді. Аппақайға қаншама жалынса да, Еңбегін зая қылды, алмай тілді (С. Торайғыров). Ол сені бір күні тірідей жұтып қояды. Бар еңбегің зая кетті (Ғ. Мүсірепов).