Жер аяғы қиянда [құрымда] • жер түбі [шеті] • ит өлген жер • ит арқасы қиян

lat: Jer aıaǵy qıanda [qurymda] • jer túbi [sheti] • ıt ólgen jer • ıt arqasy qıan

Ат тұяғы жеткізбес алыс шет. Астында киік танау Тышқансұр ат, Долданып шапқан сайын құтырынад. Қоймаймын жер түбіне кетсеңдер де, Айқас деп, жігіт болсаң айқай салад (И. Байзақов). Қиыр жайлаудан, ит арқасы қияннан, күн-түн қатып тыным алмай, қалаға келсем, ол [Абай] боса, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ,- деді Манас (М. Әуезов). Би, болыстан қашып, бұта түбін паналаған торғайдай боп жер аяғы қияннан келген жігіттердің ертеңгі күні не болар?            (Ә. Нұрпейісов).