ҚОМСЫНУ

lat: QOMSYNÝ

ет. Бойына тоғытпау, қапталына алмау, көзге ілмеу, қонышына теңгермеу, жұлығына теңгермеу, аяғына отырғызбау, ығына қондырмау, шеніне жуытпау, пысқырып қарамау, манзур етпеу, қоңыр көру, олқы көру, шеңгелі толмау, көңілі толмау, тақымы толмау, кем көру, олқысыну, менсінбеу, қомытсыну, жамансыну, қорсыну, қорашсыну, жайдақсу, адамсынбау, иегінің астынан қарау, пысқырып та қарамау, т.б.