ШАЙТАН

lat: SHAITAN

(ар. шайтан نشيطا)   

1. Жын, ібіліс.

Көңіліне ағу салды, шайтан біліп, Хадимдер қызды берер ертең келіп («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Шайтан ісі болады бұны қылсаң, Хақтың ісі болады сабырлығың («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Сонан бері азғырып, шайтан жүрер, Қан секілді адамның тамырында («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

2. Ауысп. Ұнатпағанда немесе біреудің қулығын, арамдығын көргенде қолданылатын теңеу.