ШАЛБАР

lat: SHALBAR

(пар. шалуар شلوار) шалбар.

Сар жарғақ, сары шалбар, алтын түйме, Зәңгі екен қызылтасты отағалы («Арқалық батыр». Бабалар сөзі. 61-том. 2010. 100 томдық).

Шалбарының балағы, Сала құлаш масаты («Қобыланды батыр жыры». Бабалар сөзі. 35-том. 2006. 100 томдық).

Шалбар киіп сыптай боп, Жад қылды тұрып Иені («Қыз Жібек» (Шеге ақын нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).