ГҮЛ

lat: GÚL

Өркеннің төбелік және бүйірлік түзуші ұлпаларынан шығатын, маманданған репродуктивті мүше. Гүлде спораның түзілуі де, гаметаның түзілуі де және жыныс процесі де жүреді. Тозаңдану мен ұрықтану процестерінен кейін гүлде жеміс және тұқым пайда болады.