ЖЕМІС

lat: JEMİS

Ұрықтанудан кейін гүлде болатын өзгерістердің нәтижесінде жатыннан түзілетін, тек жабық тұқымды өсімдіктерге тән мүше. Жемістің басым бөлігін гинецей құрайды, бірақ гүл түйіні төменгі болып келетін өсімдіктерде, жемістердің қалыптасуына гүлдің басқа да бөліктері қатысады. Жеміс перикарпийден және тұқымнан тұрады. Перикарпий бір немесе бірнеше аналық жатынының қабырғасынан дамиды. Жемістердің классификациясы мына үш топтағы белгілерге негізделген: перикарпийдің құрылымы; қақырауы немесе ыдырау әдісі; таралуына байланысты ерекшеліктері.