ТІН

lat: TİN

Бұл ұлпа, сүрекке ұқсас екі түрлі (тік және көлденең) элементтер жүйесінен тұрады. Тік бағыттағы жүйеге серік жасушалары, електі элементтер, тіндік паренхиманың тік орналасқан сілемдері және тіндік талшықтар жатады. Көлденең элементтерді тіндік сәулелер құрайды.