АЙТЫС

lat: AITYS

Қазақтың ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Осынау халқымыздың ерекшелігі психологиялық тұрғыдан іздесе таптырмайтын деректердің бірі. Айтыс психологиялық сипатын тұңғыш рет проф. М.Мұқанов өзінің «Ақыл- ой өрісі» (Алматы, 1980) кітабында талдауға алған.

2005 жылы проф. С.Бердібаева «Қазақ айтысының психологиялық мәселелері» атты докторлық диссертация қорғады. Осы зерттеушілердің айтуынша айтыс көшпелі халықтардың, әсіресе қазақ халқының ойлау және сөйлеу ерекшелігін, мінезі мен темпераментін, ішкі жан-дүниесін, ерік-жігер, қажыр-қайратын көрсететін қайталанбас психологиялық құбылыс екендігін нақты деректер келтіру арқылы дәлелдеп шықты. Дейтұрғанмен қазақ айтысының әлде де ашылмаған психологиялық сыры мен қыры жеткілікті. Осы мәселені зерттеу қазіргі Қазақстан психологтарының аса өзекті проблемалары болуы тиіс.