ӘСЕРШІЛДІК

lat: ÁSERSHİLDİK

Көңіл күйге үйлесімді болып келетін және тартымдылықпен ықпал ету. Адамның көңіл күйінің тез толқып, сезімге әсер еткен нәрселерге тез реакция жасаушылығы. Адам сезімталдығына байланысты өзіне әсер еткен нәрселердің бәрін де қабылдап, оларды үнемі есінде сақтайды. Олардың мән-жайын пайымдап отырады. Ә. адамның көңіл күйінің шабыты, әсерлі, күшті ықпал етуіне байланысты туындайды.

Дүниенің әсемдігі мен жарасымдылығына әсерлену адамның көңілін толқытып, түрлі күйге түсіреді, әсем, сұлу сезімдерге алып келеді. Жан дүниесіне ұнамды әсер еткен заттар адамды шабыттандырып, ісінің өнімді және нәтижелі болуына оң ықпал жасайды. Ә. адамның тек сезімдік танымы ғана емес, оның ақыл-ой арқылы танып-білуіне, дүниетанымының өрістеп отыруына әсер етеді.