lat: BİLİM BERÝ
Тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін дамытатын, дағдылар мен танымдық үйренулерді қарастыратын ғылыми – білім жүйелерін меңгеру үрдісі мен нәтижесі – түрлі деңгейлер мен бағыттылықтағы мемлекеттік стандарттар және білім беру бағдарламалары мен оларды іс жүзіне асыратын жүйелерінің жиынтығы.
Білім беру тұлға психикасының жан-жақты дамуын қалыптастыратын дағдылар, үйренулер және білімнің, шығармашылық жұмыс тәжірибелері, эмоционалдық-еріктік қатынастар тәжірибесінің психологиялық-педагогикалық бейімделген жүйесі; оқыту кезінде оқушының меңгеруге тиісті тәжірибелік үйренулер мен дағдылардың, ғылыми білімнің, әдеп-эстетикалық идеялардың жүйесі, яғни психиканы дамытудың негізгі жолдарының бірі.