ҰҒУ

lat: UǴÝ

Адамның білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеріп дүниені тануы. Мысалы, мектепте оқушылардың оқу материалдарын әртүрлі дәрежеде ұғынуы олардың жас және қабілет ерекшеліктеріне байланысты.

Ұғу адамның ақыл-ой әрекетін дамытады. Нәрсенің ерекшеліктерін, сипатын, қасиеттерін ұқпай тұрып, адамда ойлау процесі дамымайды. Ұғым болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және белгіқасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы.

Ұғу заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғу дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғыну адамның білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру арқылы дүниені тануы.

ҰЖЫМоллектив) топтың ең жоғары деңгейде қалыптасқан түрі. Ұ. ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның мақсаты қоғамдық мақсат-мүддемен ұштасады.

Ұғу бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін аламдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы болып та танылады.

Ұғу қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұғудағы адамдардың өзара қарымқатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат мүддесінің бірыңғай болуында.

Ұғу бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.

Әрбір ұжымның заманның ағымына қарай дамып, қалыптасқан өз дәстүрлері бар (қауымдасу, көмектесу, қоғамдық іс атқару, той өткізу, т.б,). Ұжымның дәстүрлері ұйымдастыруға байланысты жаңарып, толысып отырады. Мысалы, мектепте «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау», «Ана тілің арың бұл» кештерін ұлттық тәрбиемен байланыстырып жаңаша өткізуге болады.

Ұ.-ның дәстүрлері ұжым мүшелерінің өз ықыластарымен ұйымдастырылып, дәстүр болып қалыптасады. Ұжымшылдық (лат. collectivus жинақтаушы) ұжымның мақсаты мен мүддесін жеке бастың ұмтылыстарынан жоғары қоятын және топтық ұйымдастырушылық, деңгейдің жоғарылылығымен сипатталатын адамгершілік қағида.

Адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының тәжірибесі адамдардың біріккен әрекеті қана емес, сонымен қатар адамзаттық бауырластықтың биік мұратына сай өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқаруда екенін айқын көрсетуде. Адам мен қоғамның өзара жауапкершілігі адамдар арасындағы сенім, құрмет, талапшылдық, қағидашылық қатынастарға негізделеді.