БЕЛБЕУ

lat: BELBEÝ

Былғарыдан, қайыстан , матадан жасалған, киім сыртынан буылатын зат; белдік. Былғарыдан жасалған белбеулерге алтын, күміс шабылған, оған әртүрлі салпыншақтар орнатқан . Кейде күмістің өзінен өрмелеп, тоқып, шынжырлап та белбеу дайындаған, Қазақ тілінде белбеу атаулары өте көп; бұғы белбеу, зер белбеу, кавказ белбеу т.б.