БОЙТҰМАР

lat: BOITUMAR

1. Дұға, ішірткі жазылып, шүберекке оралған тұмар. Оны жағаның астына, киімнің бір жеріне тігіп қоятын болған. Жетісу төңірегінде бойтұмар тастан да жасалған. Жеті ұсақ тасты тұмарша етіп матаға тігіп, камзолдың ішкі жағына көзге түспестей етіп жапсыра тігіп қояды. Бұлай ету (халықтың ескі түсінігі бойынша) - тіл-көз тиюден сақтау шарасы.

2. Мойынға тағылып, кеудеде салбырап тұратын ұзын, әрі үлкен, оның үстіне түрлі салпыншақтармен безелген тұмары бар зергерлік бұйым; әр түрлі формадағы әшекейлі тұмар түрі.