ШАҺАДАТ

lat: SHAHADAT

(ар. шаһадат شهادة) куәлік, айғақ.

«Ат қосақсыз жүгірмес» деген мақал, Шаһадат берген сонда періштелер («Миғраж» дастаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Кәлима шаһадат куәлік сөз, яғни Алла Тағала мен оның елшісі Мұхаммедке куәлік білдіретін сөз: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уа әшһәду әннә Мұхаммадан абдуһу уа расулуһу Алладан басқа Құдай жоқ Мұхаммед оның құлы және елшісі екеніне куәлік етемін».

Ислам дінін қабылдау үшін кәлима шаһадатты үш рет айтады. Кәлима шаһадатты жары қылып, Иман айтты сол жерде тұрған жандар («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Кәлима шаһадатны жары қылған, Шапағат, үміт қылар жанның бәрі («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Кәлима шаhадатты жары қылып, “Күнәмді кеш” деп Құдайға жылап жатыр («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Шаһадат келтіру кәлима шаһадатты айту.

Естіртіп қылыш сөйлеп куә болып, Тік шаншылып шаһадат келтіріпті («Өліп тірілген Шаһызада». М.Жүсіп, І-том, 2003).