Дәстүр

lat: Dástúr

Бұл әлеуметтік әрекеттер үлгілерінің жиынтығы, әлеуметтік ұйымның, реттеудің және қарым-қатынастың жинақталған формасы, ерекше ауызша түрдегі «мәдени мәтіндер» іспеттес. Тиісті жағдайлардағы әр түрлі топтардың өзара қатынасы негізіндегі әрекеттің тұрақты формасы. Ол дәстүрлі түрде ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.

Қазіргі кезде дәстүрдің міндеті тұлғааралық және топаралық қатынасты реттеуде жатыр. Сондай-ақ, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отыру. Әр адамның қоғамдық өмір жағдайында қажетті қызмет атқаратын әрекеттердің осындай нұсқалары мен үлгілерін қолдану дәстүрдің маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдайда сол мәдениеттің өкілдері әрекеттің орныққан үлгілерін қатаң сақтауы қажет. Дәстүрді құрайтын нормалар автоматты түрде орындалуы қажет.