Кеміту

lat: Kemitý

Этноцентристік позицияны сақтау мүмкіндігінің соңғы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мәдени айырмашылықтар ашық түрде мойындалады және жағымсыз деп бағаланбайды. Мәдени өзгешеліктер табиғи, орынды бола бастайды. Адамзаттық болмыс бірыңғай деген негізде тұрып, айырмашылықтарға мән берілмеу керек деп есептелінеді.

Бұл ұстаным адамдардың саған деген қарым-қатынасы сен қалағандай болсын десең, сенің де оларға деген қарым-қатынасың дәл сондай болсын, деген алтын қағидамен айқындалады. Бұл қағидада адамдардың бәрі бірдей деген түсінік жатыр. Бұл көзқарас жақсы болып көрінгенімен, ол этноцентристік көзқарас болып қалып отыр, себебі адамдардың болжалды мінездемесі өздерінің мәдени санасынан аспай, «мен сияқты бол» деген ұстаным сақталған.