Мимика

lat: Mımıka

Сөйлесіп тұрған адамның қарым-қатынас барысындағы бет-әлпетінің қимылы, өзгерісі. Мимика бейвербалды қарым-қатынастың басты элементі. Мимика арқылы барлық әмбебап эмоцияларды білдіруге болады: қайғы, бақыт, жек көрушілік, ашу, таңқалу, қорқыныш, жақтырмаушылық және т.б.

Бет-әлпет қимылын 55 компоненттің қатысуымен білдіруге болады. Олар 20 мыңға жуық мағынаны білдіруге қабілетті (адам қас-қабағымен өзінің таңқалғанын, қорыққанын, жақтыртпағанын және т.б. сезімдерді білдере алады. Ал адамның көзіне қарап оның көңіл күйін, сезімін түсінуге болады (қайғы, қуаныш, сүйіспеншілік т.б.).