Салт

lat: Salt

Дәстүрдің бір түрі, діни және тұрмыстық дәстүрлердің бұқаралық көрініс табуы. Салттың ең басты ерекшелігі көпшілікке ортақ болуы, сондықтан салттың орындалуы белгілі әлеуметтік топпен шектелмей, осы мәдениетті иеленушілердің барлығына да қатысты. Салттар адам өмірінің ең маңызды сәттерінде орынға ие, мысалы, баланың туылуы, үйлену тойы, жаңа қызметтік ортаға қадам басуы, жасы ұлғайып басқа топқа қосылуы, біреу қаза болғанда.