ДӘЙЕКСӨЗ

lat: DÁIEKSÓZ

төл сөздің бір түрі. Дәйексөз басқа біреудің айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі. Дәйексөз алыну тәртібі функционалдық стильдің түрлеріне байланысты әр түрлі болады, ғылыми стильде автордың есімі, еңбегінің аты, шыққан қаласы мен баспасы айқын көрсетіледі. Публицистикалық стильде мұндай деректердің тізілуі шарт емес, сол пікірді айтқан адамның аты-жөні дұрыс айтылса жеткілікті.