КӨПТІЛДІЛІК

lat: KÓPTİLDİLİK

бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалану. Бір адамның (адамдардың) бірнеше тілде сөйлеуі. Көптілділік ірі, көп ұлтты елдерге тән (ТМД, АҚШ, Үндістан, Нигерия т.б.) Көптілділік жағдайында байланыс түрлері (тіл, диалект, говор, жаргон т.б.) бір-біріне бағынышты қызмет атқарады: 1) тар қолданыстағы топ ішінде ғана қолданылатын тіл («отбасы» тілдері); 2) топаралық, тұрмыстық шағын қатынас құралдары («базар» тілі Азия мен Африкада); 3) Ұлттық (әкімшілік) облыс тілі; 4) көп ұлтты аймақ тілі; 5) мемлекеттік тіл; К. көбінесе қостілділік (билингвизм) түрінде кездеседі.