ҚОСТІЛДІЛІК

lat: QOSTİLDİLİK

бұл да билингвизм, яғни жеке адамның немесе қоғамның екі тілді қолдануы. Қостілділіктің мынадай түрлері ажыратылады: жеке адамдық қостілділік белгілі бір этностың жекелеген мүшелерінің екі тілді білуі мен қолданылуы және жаппай қостілділік екі тілді этностың басым қөпшілігін білуі мен қолданылуы; жеке адам тудырған қостілділік және ұжымда өмір сүретін қостілділік; аймақтық қостілділік елдің белгілі бір аудан тұрғындарының екі тілді білуі мен қолдануы және ұлттық қостілділік елдегі сол этностың екі тілді білуі; табиғи қостілділік сол тілдің тұтынушыларының тікелей өзара қатынасының нәтижесінде екі тілді білуі мен қолданылуы және жасанды қостілділік екінші тілді үйренуге арнайы бейімделу және әлеуметтік жағдай жасау нәтижесінде екі тілді білу мен қолдану т.б. Сондай-ақ егер әрбір екі тіл биливгте жеке жүйе ретінде өмір сүрсе таза (Л. В. Щерба) немесе үйлестірмелік (координированное) қостілділік (Ч. Осгуд. У. Вайнраих. С. Эрвин т.б.); егер екі тіл бір жүйеге біріксе, аралас қостілділік; және екінші тілді меңгертудің ерте дәрежесіндегі субординативтік (У. Вайнрайк) қостілділік деп те бөлінеді. Қосымша қостілділік (билигв бірінші тілдік құзіретін жоғалтпай екінші тілді қолданады) және ауыстырмалы қостілділік деп бөлінеді. Жер шарының барлық тұрғындарының жартысына жуығы қостілді екендігі анықталған. Кейбір елдер үшін қостілділік өте аз кездесетін феномен болса (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б.) өзге елдер үшін бұл норма (Индия, Батыс Африка, Тайланд, Папуа, Жаңа Гвинея, Колорун т.б.).