СӨЙЛЕУ

lat: SÓILEÝ

бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі де (жатта сақталған және жазылған шығармалар) жатады. Әдетте, сөйлеумен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл араласу құралы болса, Сөйлеу - осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашан нақтылы болады, ал тіл абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу кеңістік пен уақытта жасалады. Оның шегі болмайды. Сөйлеу материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады. Сөйлеу субстанционалды, ал тіл формальды құбылыс. Сөйлеу - құбылмалы, қозғалыста болады. Сөйлеу процесіне тән қасиеттер: темп, ұзақтық, тембр ерекшеліктері, дауысталуы, артикуляциялық анықтылығы, акцент т.б. Сөйлеудің эстетикалық (статистикалық) және этикалық (нормативті) бағалануы болады. Сөйлеудің авторына көп нәрсе байланысты болады. Автордың ойы, сезімдері, сөз саптауы, сөйлем құрауы бәрі де сөйлеудің субъективтілігін айқындайды. Сөйлеуші не жазушы адам белгілі стильді таңдайды (ресми, менсінбей сөйлеу, құрмет көрсету, жағыну, тіке сөйлеу, жанама, қаратпа сөйлеу т.б.). Сөйлеу түрлері субъективтіліктің әр түрлі дәрежесіне ие болады. Сөйлеу әр түрлі әлеуметтік қызмет атқарады. Сөйлеуді жасайтын тіл, сонымен қатар тілдің өзі сөйлеуде жасалады. «Тіл сөйлеудің құралы және нәтижесі» (Соссюр).