ТАБУ

lat: TABÝ

кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тыйым салу. Табу құбылысы тілдің магиялық қызметімен байлынысты, яғни сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады деген нанымнан туындайды. табу барлық тілдерде бар. Ең көп тараған табу адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тыйым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның (иудизмде) атын атауға болмайды. Табу эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты болады. Түркі тілдеріндегі табу сөздерді Ә.Ахметов зерттеді.