Егіздер

lat: Egizder

адамдар мен бір бала туатын сүтқоректілерде бір анадан бір мезгілде туылатын екі немесе одан да көп ұрпақтардың туылуы. Бір жұмыртқалы жəне əр түрлі жұмыртқалы егіздерді ажыратамыз. Бір жұмыртқалылар ұрықтанған жұмыртқаклетка зиготадан дамитын монозиготалы егіздер. Бөлшектену немесе гаструлалану кезеңінде ұрық екі бөлікке (немесе одан да көп) бөлініп, əрбірі жеке дамиды. Бөліну кезеңінде ұрық толық бөліктерге бөлінбесе əртүрлі кемтарлылық туындайды. Сүтқоректілердегі бір жұмыртқалы егіздерде бір плацента болады, олар бірдей генотипті иеленеді, сондықтан да бір жынысты, бір қан тобында жəне бір біріне өте ұқсас. Əртүрлі жұмыртқалылар əртүрлі жұмыртқадан дамитын гетерозиготалы егіздер. Олар əртүрлі жынысты немесе кəдімгі аға мен қарындастың ұқсастығынан артпайтын бір жынысты болуы мүмкін. Олар бір уақытта пісіп жетілген жəне ұрықтанған екі жұмыртқадан дамуы мүмкін. Бір мезгілде пісіп жетілетін жұмыртқалардың санын гипофиздің гонадотропты гормондары реттеп отырады. Ауылшаруашылығы үшін пайдаланылатын жануарларда бұл сандардың өздігінен реттелуі шаруашылық үшін маңызы зор. Адамдарда орта есеппен 8085 туылған бір жынысты нəрестелердің арасынан бір егіздер, 68 мың туылған нəрестелердің арасынан үшеу болып туылған бір егіздер туылуы мүмкін, төртеу, бесеу болып туылған егіздер өте сирек кездеседі. Бір жұмыртқалы егіздер барлық туылған көпұрықтылардың 15% құрайды. Генетикалық зерттеулер бойынша егіздер тұқым қуалау арқылы жəне ортада белгілердің өзгеруінен туындайды.