Тері

lat: Teri

омыртқалы жануарларда эпидермис астында орналасқан терінің дəнекер ұлпалы бөлігі. Мезодермадан дамиды. Май қыртыстарына бай келеді. Терінің беткі беті губкалы немесе емізікшелі деп аталынады, яғни эпидермис пен оның туындыларын қорекпен қамтамасыз ететін қантамырларға өте бай. Оның астында тірек қызметін атқаратын торлы қабат орналасады. Дерматом дерматом, хордалылар ұрығындағы сомиттің сыртқы бөлігі, терінің дəнекер ұлпалы қабатының бастамасы. Дерматом жекелеген мезенхималық клеткалардан ажырап, жабынды эпителийдің астында, эпителиймен бірігіп тері жəне оның туындыларын түзуге қатысады.