Клон

lat: Klon

жыныссыз көбею жолымен даралар мен клеткалардың жиынтықтары. Клон микроорганизм генетикасындағы негізгі бірлік. Клонның түзілу негізінде аналық жəне еншілес клеткалар арасында генетикалық ақпарат теңдей бөлінетін митоз жатыр. Сондықтан, клон генетикалық біркелкі клеткалардан тұрады деп есептелінеді. Бірақ клонның генетикалық біркелкілігі тіршілік ету қабілеті жоғарлаған жаңа құрылымды мутацияның пайда болуына алып келетін кездейсоқ мутацияның пайда болу нəижесінде бұзылады. Мутациялық процестің жылдамдығын жəне мутант құрамын анықтайтын клонның тұрақсыздығының басты себебі тек генетикалық зерттеу жұмыстарын жасауда ауыртпашылық тумайды, сонымен қатар азықтүліктік, химиялық жəне микробиологиялық өндірістерде қолданылатын бағалы дақылдардың сақталуында дақылдардың «азғындауы». Тек клонның арнайы белгілерімен тұрақты түрде сұрыптау клонның генетикалық біркелкілігін жəне тəн ерекшеліктерін сақтайды. Клеткаларды клондау экспериментальді биологиядағы жəне медицинадағы (онкологияда, генетикалық соматикалық клеткаларды) теориялық жəне қолданбалы мəселелерді шешуде қолданылады. Вегетативті көбейетін мəдени өсімдіктерде (мысалы, картоп) клондау арқылы сорттың ерекшелігін сақтауға мүмкіндік береді. Клондалған өсімдіктерді алуда жаңа əдістер клеткалық дақылды қолдана отырып бір клеткадан өсіру.