Қан

lat: Qan

бүкіл омыртқалылар мен кейбір омыртқасыз жануарлардың қантасымалдау жүйесінде үнемі қозғалыста болатын, ішкі ортаның «сұйық ұлпасы», дəнекер ұлпасының бір түрі. Қан басқа ұлпалар мен клеткалардың өмір сүруін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олар арқылы бүкіл организмде əртүрлі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қанның негізгі қызметі: тыныс алу қан түзілу кезінде газдарды тасымалдайды (О2 тыныс алу мүшелерден ұлпаларға жəне СО2 ұлпалардан тыныс алу мүшелеріне); трофикалық (қоректік) жəне экскреторлық қоректік заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға (глюкозаны, аминқышқылдарын, тұздарды жəне т.б.), ал соңғы зат алмасу өнімдерін (мочевина, кератин жəне т.б.) бөлу мүшелеріне тасымалдайды; реттеуші гуморальдық реттеуге қатысады, (гормондарды жəне т.б. биологиялық белсенді заттарды тасымалдайды), су мен тұз алмасуды жəне қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті сақтайды, дененің бірқалыпты температурасын сақтауда маңызды рөл атқарады; қорғаныштық құрамында бөтен агенттерді бұзуға жəне жоюға қабілетті антиденелер, антиоксиндер, лизиндер, сонымен қатар лейкоциттер болады. Қан азаюы қанның ұю механизмімен реттеледі. Омыртқалылардың қаны біртекті қою қызыл сұйықтық, ол қанның сұйық бөлімі плазмадан жəне формалық элементтері эритроциттер, əртүрлі лейкоциттер, тромбоциттер жəне қан пластинкаларынан тұрады. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың (құстар, сүтқоректілер) қанының құрамындағы формалық элементтердің көлемі 3554%-ды құрайды. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1мм3 қанында ерлерде 4-5 млн, əйел адамдарда 3,4-4,7 млн эритроциттер, лейкоциттер 4-9 мың, тромбоциттер 180-230 болады. Толық қанның мөлшерінің тығыздығы 1,051,06г/мл; артериалды қанның рН-ы 7,35-7,47, венозды қанның рН-ы 0,02-ге төмен болады. Плазма құрамында аралық жəне соңғы зат алмасу өнімдері яғни, тұздар, гормондар, дəрумендер, ферменттер болады. Қанның негізгі бөлімін белоктар құрайды тыныс пигменттері, эритроциттердің жəне басқа формалық элементтердің строма белоктары, сонымен қатар плазма белоктары альбуминдер, глобулиндер жəне фибриноген (фибриногенсіз плазма қанның сары суы деп аталады. Қанның көмірсулары негізінен глюкоза түрінде кездеседі. Қанның күрделі май қосылыстарының құрамында бейтарап майлар, бос май қышқылдары мен соңғы өнімдері, холестерин, стероидты гормондар жəне т.б. болады. Бір клеткалылар мен төменгі сатыдағы омыртқасыздарда (губкалар, ішекқуыстылар) О2-мен қамтамасыз етілу дененің үстіңгі қабаты арқылы диффузды жолымен жүзеге асады. Тек кейбір ішекқуыстылардың гидролимфасында О2-ні тасымалдауға қабілетті белок пигменттер болады. Белгілі бір тыныс алу пигменттерінің эволюциялық даму сатысында (гемоглобиндер, хлорокруориндер, гемэритриндер, гемоцианиндер) қанның О2-ні байланыстыру жəне оны ұлпаларға беру қабілеті бірден артады. Əсіресе көп тараған қызыл пигмент гемоглобиндер. Көптеген омыртқасыздарда олар қанда еріген күйінде болады, барлық омыртқалыларда жəне адамдарда эритроциттерде болады. Қан түзілуі дене массасына қатынасы бойынша омыртқалыларда (2-8%) омыртқасыздарға қарағанда төмен болады. Ол омыртқалыларда жабық қанайналым жүйесінің болуымен жəне тыныстық пигменттердің О2-ні қарқынды байланыстыратын болуымен түсіндіріледі. Адамда қан көлемі қалыпты жағдайда орта есеппен ер адамдарда 5,2 л, ал əйел адамдарда 3,9 л болады, жəне оның көп əрі негізгі бөлігі, кейде 50%-ке дейін қан депосында болуы мүмкін. Қанның клеткалық жəне химиялық құрамы мүшелер мен жүйелердің функционалдық өзгерістері мен патологиялық процестерді айқындайды. Қанның өзгеруі организмге əсер етеді. Реакция түрінде пайда болуы мүмкін (стресс, қан жоғалту, инфекция, аштық жəне т.б.), сондықтан қан анализінің нəтижесі кең түрде медицинада жəне ветеринарлық диагностикада қолданады.